Танысының атынан 14 млн теңге несие рәсімдеген шардаралық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шардара АПБ-ға алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданған.
Оның айтуынша, алыс танысы банк қосымшасы арқылы өзіне ақша аударып аламын деп алдап, оның атына 14 миллион теңге несие рәсімдеген.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Осындай жолмен тұрғынды алдап, өзінің құрығына түсірген алаяқ адамды ұстау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында екі тәулік ішінде күдікті ұсталған.
Тәртіп сақшылары алаяқты өзінің тұрғылықты үйінен тауып, Шардара АПБ-ға жеткізді. Полицейлер күдікті деп танылған жергілікті тұрғынның ірі көлемдегі ақшаны құмар ойынға жұмсап жібергенін анықтады. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада бойжеткен 3 сағат бойы көшеде билеген
Өзгелердің жаңалығы