26 Шілде 2024 2024, 10:30
Фото: merkul_standup
Танымал стендап комик Александр Меркуль қамауға алынды
Танымал елордалық стендап әзілкеш Александр Меркуль 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Танымал елордалық стендап әзілкеш Александр Меркуль 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол концерттерде балағат сөз айтқан. Ақпаратты Астананың мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі растады.
Сот отырысында Меркуль А.И. құқық бұзушылық жасағанын толық мойындады, жасаған ісіне өкінді. 2024 жылғы 7 маусымдағы бейәдеп сөздер айтылған видео мейрамханада өткен әзіл-оспақ аясында болғанын түсіндірді, - делінген сот қаулысында.