Танымал қазақстандық зергер Бельгияда көрмеге қатысты

Танымал қазақстандық зергер Нұрдос Әлиасқаров Брюссельде өтіп жатқан "BRUSSELS JEWERLY WEEK" (Брасслс Джуэлри Уик) зергерлік бұйымдар апталығында өз жұмыстарын көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға 40-тан аса елдің өкілдері қатысты. Қазақстандық зергер қаланың тарихи орталығындағы атақты Гран Пляс алаңында шығармашылық кешін де өткізді.

Нұрдос еуропалықтарға өз жұмысын таныстырып қоймай, тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға арналған қайырымдылық жәрмеңкесіне де қатысты.

Жалпы иә, ауыр түсті. Бірақ ел болып, жұрт болып бәрі бір біріне көмек беріп, бұндай қиын кезде бір-біріне жанашырлығымен қарап, ондай бір ерекше бір қөңіл бөліп жатыр. Әрине өзіміз де үлесімізді қосуға тырысамыз, өйткені қай жақтан болсақ - біріншіден өзіміздің туған жерімізді әрқашанда уайымдап, бәрі өзіміздің ойымыздай болсын деп ойлаймыз. Біз осы қиындықтан жеңіп шығамыз деп сенемін!, -дейді қазақстандық зергер Нұрдос Әлиасқаров.

Біздің мәдениетіміз ұқсас. Сондықтан шеберлеріміздің жұмыстарын көпшілікке паш ету үшін бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Нұрдос Әлиасқаровтың көп еңбектенгені байқалып тұр. Сондықтан келер жылы оны Брюссельде қайта көрсек дейміз. Орталығызымда қазақстандық зергердің жұмыстары қойылғаны бізді қуантып отыр,- Бельгия-албан мәдениет үйінің басшысы Ледия Канай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы