8 Сәуір 2025 2025, 16:35 Фото: kaztheatre

Танымал қазақстандық дирижер өмірден өтті

Мәдениет саласының үздігі, Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаған дирижер Маралжан Мырзақұлова өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет саласының үздігі, Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаған дирижер Маралжан Мырзақұлова өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаралы хабарды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының баспасөз қызметі мәлім етті.

Маралжан Мырзақұлованың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жора-жолдастарына және барша жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Маралжан Мырзақұлова — өнер мен мәдениетке сіңірген еңбегімен ел есінде мәңгі қалатын жарқын тұлға. Оның жарқын бейнесі, кәсіби шеберлігі мен адамгершілігі жұртшылықтың жүрегінде сақталады, - деп жазған театр әкімшілігі.