Танымал этнограф Болат Бопайұлы өмірден озды

Көрнекті ғалым, этнограф Болат Бопайұлы өмірден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы жазушы-публицист Марат Байділдаұлы желідегі парақшасында жазды.

Кеше ғана: "Аға, "Қазақ салт-дәстүр, әдет-ғұрып этнографиясының методикалық энциклопедиясы" атты екі томдық кітабым шықты, соның тұсаукесеріне қатысып лебіз білдірсеңіз" деп өтініш айтып еді. Қасиетті рамазан айында дүниеден өткен адамға жаннаттың есігі ашық болады деуші еді, Бөкеңді Алла алдынан жарылқасын! – деді ол.

Болат Бопайұлы 1960 жылы Қытай елінде Ертістің сағасындағы Көктоғайда туып өскен. Жоғары білім алған соң Шынжаң өлкесіндегі оқу-ағарту ісіне атсалысты. Алғашқы шығармалары сол жақта жарық көрді. Атамекенге оралған соң этнография саласымен түбегейлі айналысты. Оның соңында қазақ этнографиясына байланысты "Қазақ мінезі", "Қазақ кәдесі", "Қазақы түс жору", "Бастаудан бақиға дейін", "Қазақтың гүл мәдениеті", "Қазақ наурызнамасы", "Қазақ аспан есебі" сияқты оннан астам кітаптары қалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: urker.kazgazeta.kz
Өзгелердің жаңалығы