Танымал браузерлерде әдепкі іздеу жүйесін қалай өзгертуге болады

Қазіргі браузерлерде әдепкі іздеуді (поиск по умолчанию) оңай өзгертуге болады. Бұл интернетті жылдам әрі ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл мақалада біз Yandex Браузерде, Google Chrome, Microsoft Edge, Safari, Opera және Mozilla Firefox-та әдепкі іздеуді қалай өзгертуге болатынын қарастырамыз. Сонымен қатар Яндекс іздеудің баптаулары мен ерекшеліктерін талқылаймыз.

яндекс

Яндекс Браузерде, Google Chrome, Edge, Safari, Opera және Mozilla-да іздеу жүйесін өзгерту

Танымал браузерлерде әдепкі іздеу жүйесін өзгерту пайдаланушыға сұрақтарына жауап іздеген кезде ыңғайлы қызметті таңдауға мүмкіндік береді.

Яндекс Браузер

Белгілі халықаралық IT-компания ұсынған ыңғайлы құрал. Ол жерде компаниямен аттас әдепкі іздеу жүйесі алдын ала орнатылған. Алайда онымен егжей-тегжейлі таныстыру артық болмас. Яндекс Браузерде балама іздеуді баптау үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1. Жоғарыда оң жақтағы үш жолағы бар батырманы басыңыз.

2. «Баптаулар» деген жерін таңдаңыз.

3. «Іздеу жүйесі» тармағында «Әдепкі орнату» батырмасын басыңыз.

4. Тізімнен таңдап, «Сақтау» батырмасын басыңыз.

Осылайша сіз қай қызметті пайдаланғыңыз келетінін шешіп, бастапқы параметрлерді өзгерте аласыз.

яндекс

Google Chrome

Яндекске тікелей бәсекелес браузер. Танымалдық және ыңғайлық жағынан еш кем емес. Google Chrome браузеріндегі әдепкі іздеуді өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1. Жоғарыда оң жақтағы үш нүктені басып, «Баптаулар» тармағын табыңыз.

2. Сол жақтағы «Іздеу» мәзірін табыңыз.

3. «Әдепкі іздеу жүйесінің» ішкі мәзірінде Яндексті таңдап, өзгертулерге келісім беріңіз.

Осылайша сіз өзіңізге ыңғайлы қызметті оңай пайдалана аласыз және жаңа нәрсеге үйренудің қажеті жоқ.

яндекс

Microsoft Edge

Microsoft браузеріндегі баптауларды өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1. Жоғарыда оң жақтағы үш нүктені басыңыз.

2. «Параметрлер» бөлімін таңдаңыз.

3. «Құпиялылық, іздеу және қызметтер» бөліміндегі «Мекенжай жолағы» ішкі тармағын таңдаңыз.

4. «Мекенжай жолағында пайдаланылатын іздеу жүйесі» бөлімін ашып, «Яндекс» батырмасын басыңыз.

яндекс

Safari (iPhone мен Mac үшін)

Егер сіз Safari-де әдепкі іздеуді орнатқыңыз келсе, келесі қадамдарды орындаңыз.

1. Safari-ді ашыңыз.

2. IPhone-да: «Баптаулар» бөліміне өтіп, «Safari» қосымшасын ашыңыз. Mac жүйесінде де оны ашып, мәзірден «Баптаулар» тармағын таңдаңыз .

3. Ішкі мәзірдегі «Іздеу» тізімінен қалағаныңызды таңдап алыңыз.

яндекс

Opera

Opera жүйесінде өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1. Opera-ны ашыңыз.

2. Жоғарыда сол жақтағы «Мәзір» батырмасын басып, «Параметрлер» тармағын таңдаңыз.

3. «Браузер» бөлімінде «Іздеу жүйесі» бөлімін табыңыз.

4. Тізімнен керек қызметті таңдап, оны әдепкі етіп орнатыңыз.

яндекс

Mozilla Firefox

Mozilla Firefox-тағы іздеу жүйесін өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1. Жоғарыда оң жақтағы үш көлденең жолақты басыңыз.

2. «Баптаулар» мәзіріне өтіңіз.

3. «Іздеу» бөліміне өтіңіз.

4. «Әдепкі іздеу жүйесі» бөлімінде Яндекс батырмасын басыңыз.

5. Егер ол жоқ болса, «Басқа іздеу жүйесін табу» батырмасын басып, Яндекс кеңейтімін орнатып, 1-4 қадамдарды қайталаңыз.

Яндекс іздеу жүйесінің ерекшеліктері

Яндекстің әдепкі іздеу жүйесі көптеген пайдалы функцияларды ұсынады, мысалы:

● Іздестіру кеңестері: Қазақстан үшін өзекті әрі танымал сұраулар барлық трендтен хабардар болуға мүмкіндік береді.

● Дауыс арқылы іздеуде бір мезгілде орыс және қазақ тілдерін пайдалануға болады. Ол Яндекс Браузер және Алисамен бірге Яндекс іздеу мобильді қосымшаларында қол жетімді.

● Сіз сурет іздегенде ұқсас суреттер табуға, сондай-ақ мәтінді оқуға мүмкіндік аласыз.

● Әлемде қазақ тіліндегі алғашқы жылдам жауаптар мен фактілер.

яндекс

● Аударма іздеу: орыс тілінен қазақ тіліне 15 миллионнан астам құжат аударылған.Бұл мүмкіндіктер Яндексті интернетте жұмыс істеу үшін ыңғайлы әрі қуатты құрал іздейтіндер үшін тамаша таңдау етеді.

Яндекс іздеу жүйесін орнату

Егер сізге негізгі іздеу жүйесі ретінде Яндексті пайдаланғыңыз келсе, келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Яндексті әдепкі іздеу жүйесі ретінде орнатқыңыз келетін қосымшаны ашыңыз.

2. Баптауларға өтіңіз (әр браузер үшін жоғарыда айтылғандарды қараңыз).

3. Тиісті тізімде қолжетімділердің ішінен «Яндексті» таңдаңыз.

4. Өзгерістерді сақтаңыз.

Енді сіз әртүрлі браузерлерде әдепкі іздеуді қалай өзгертуге болатынын білесіз, сондықтан сіз өзіңізге ыңғайлы әрі тиімдісін таңдай аласыз.

яндекс

Яндекс ұсынған іздеу жүйесін орнату бойынша қосымша кеңестер

Мына кеңестердің арқасында сіз өзіңіздің Интернеттегі жұмысыңызды одан әрі жеңіл ете түсесіз:

● Жеке баптаулар: ең керек нәтижелерді алу үшін іздеу жүйесін өзіңізге бейімдеп алыңыз.

● Бетбелгілер мен таңбашалар: таңдаулы сайттар мен қызметтерге жылдам кіру үшін бетбелгілер мен төте жолдарды пайдаланыңыз.

● Қауіпсіздік және құпиялылық: деректерді қорғау үшін баптауларда қауіпсіздіктің қосымша параметрлерін қосып қойыңыз.

Бұл кеңестер сізге Яндекс мүмкіндіктерін барынша пайдалануға көмектесіп, Интернетте ақпарат іздеуді ыңғайлы әрі қауіпсіз етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы