Танымал қазақстандық адвокат әйелінің коронавирус жұқтырғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 мамырда белгілі қазақстандық адвокат Джохар Өтебеков әйелі коронавируспен ауырғанын мәлімдеді.
Ол балаларымен бірге Covid-19 тестін тапсырды. Сынама қорытындысы әлі шыққан жоқ. Коронавирус тестінің нәтижесін бүгін береміз деп уәде етілген. Қазір адвокат балаларымен бірге Алматыдағы қалалық клиникалық ауруханада жатыр.Кеше тест тапсырдық. Қалалық денсаулық сақтау бөлімі талдауларды бүгін нақтылайды деп сенемін. Нәтижесі қандай екені онсыз да түсінікті. Біз анамызға тезірек қосылғымыз келеді, - деп жазды Өтебеков Facebook парақшасында.
Оның постына пікір жазғардар адвокаттың тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр.
Әйелім мен балаларымның жағдайы тәуір, тек менікі нашарлап кетті. Компьютерлік томографиядан өткім келеді, бірақ бұл жерде жоқ екен. Өзім қатты алаңдаулымын. Өліп кетуім де мүмкін. Рентгенге түскенімде созылмалы бронхит деп көрсетті. Қазір көзім қарауытып, қиын жағдайда тұрмын. Өмірімде ешқашан бұлай ауырған емес, - дейді Өтебеков.
Жалпы елде індет жұқтырған 5689 адам анықталды. Оның ішінде 34 адам қаза тапты.
Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Қамалжан Надыров коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда Отбасы күніне орай тегін тестілеу өтеді
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы