Танымал әншілердің ұлдары Қайрат-Реал матчына билетті 2 есе қымбат сатқан

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналисттердің мәліметінше, Қайрат-Реал матчына танымал әншілер Майғазиев пен Еспановтың ұлдары шамамен 50 билеттен сатқан. Оны бастапқа бағасынан 200 пайыздық үстеме бағамен сатқан деген ақпарат бар.

Бұл ақпаратты енді ғана біліп отырмын. Тексеру жүргізуге дайынбыз, бірақ оның үшін ресми арыз түсуі қажет және міндетті түрде тексеру шаралары жүргізіледі. Біз процессуалдық шешім қабылдаймыз, – деді вице-министр.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде ойынға кіре алмаған адамдардың шағымдары туралы сұраққа Әділов “ондай шағымдарды көрген жоқпын, бірақ міндетті түрде тексеру жұмыстары жүргізіледі” деп жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: коллаж BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы