Танымал актердың үйін тонап кетті
Лос-Анджелестің Лос-Фелиз ауданында орналасқан үйге үш күдікті терезе арқылы кіріп, зәулім үйді тонап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Лос-Анджелестің Лос-Фелиз ауданында орналасқан үйге үш күдікті терезе арқылы кіріп, зәулім үйді тонап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Полиция бұл үйдің Оскар иегері, актер Брэд Питке тиесілі екенін ресми түрде растаған жоқ, дегенмен оқиға болған мекенжай 2023 жылы Питт сатып алған үйдің мекенжайымен сәйкес келеді.
Ұрылардың ұрланған заттармен қашып кеткен, алайда нақты қандай мүлік ұрланғаны әзірге белгісіз. Оқиға кезінде актер үйде болмаған. Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, осы аптада Брэд Питт Ұлыбританияда жұма күні прокатқа шығатын жаңа F1 фильмінің тұсаукесерінде болған.
Ұрлық сәрсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 22:30 шамасында орын алған. Полиция ұрланған заттардың құнын әзірге нақтыламады. BBC актердің өкілдеріне де хабарласқанын мәлімдеді.
Бұл ұрлық қалада танымал тұлғаларға қарсы жасалған бірнеше қылмыстың бірі. Бұған дейін Николь Кидман мен Кит Урбан да осындай жағдайға тап болған.
Өткен айда Брэд Питтің бұрынғы әйелі Дженнифер Энистонның үйінің қақпасына көлігімен соғылған ер адам да қудалау және вандализм бойынша айыпталып, қамауға алынған еді.
- Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай өзгеруде? 13:08
- Жамбыл облысында вагон алмақ болған азамат 22 млн теңгесінен айырылды: Күдіктілер ұсталды 12:58
- Қазақстанда жанармай сапасын қадағалау неге қиын? – Сарапшы 5 себебін атады 12:30
- OpenAI 2026 жылы жасанды интеллект қауіптеріне байланысты IPO-дан бас тартты 12:26
- Күріш, балық, қауын-қарбыз: Астанада Қызылорда жәрмеңкесі өтеді 12:11
- Зеленский Жоғарғы Рададан Бас прокурорды дереу қызметтен босатуды сұрады 11:52
- Қазақстанда қай ақылы жол ең көп пайдаланылды? Рейтинг жарияланды 11:28