Таңғажайып құбылыс: жақында Күн жүйесінде ғаламшарлар шеруі болады

Күн жүйесіндегі бірнеше ғаламшар Күннің бір жағында болатын бірегей құбылыс – ғаламшарлар шеруі 3 маусымда болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәскеу планетарийінің мамандары алайда бұл ерекше құбылыс Күннің жүзінен көрінбейді деп отыр. Сатурн осы уақытта аспанда көзге көрінетін жалғыз ғаламшар болуы мүмкін.

Аталған күні барлық жеті ғаламшар солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығыс көкжиекке қарай Күннен 90 градус шамасында бір жаққа қарай тізіледі. Олар мына тәртіппен көрініс табады: Күн, Венера, Юпитер, Меркурий, Уран, Марс, Нептун және Сатурн. Сондай-ақ оған Марсқа жақын тұрған кемімелі Ай қосылады. Осы ғаламшарлардың ішінен тек Сатурн ғана маусым айының басында күн шыққан уақытта көкжиектен төмен қарай көрінеді. Қалған ғаламшарлар Күннің жарық сәулесінен байқалмайды.

Мұндай сирек құбылыс 20 жылда бір орын алады.

Астрономдар 2024 жылы ғаламшарлардың бірнеше кішігірім шеруі болады деп болжады.

Алдағы уақытта барлығы бес ғаламшарлар шеруі болады деп күтілуде:

  • 3 маусым 2024 ж.,
  • 28 тамыз 2024 ж.,
  • 18 қаңтар 2025 ж.,
  • 28 ақпан 2025 ж.,
  • 29 тамыз 2025 ж.

2025 жылғы 28 ақпандағы құбылыс өте сирек кездесетін оқиға болады. Күн жүйесінің барлық жеті ғламшары бір уақытта көрінеді. Бұл таңғажайып құбылысты бақылау үшін телескобыңызды қазірден дайындап қоюды ұмытпаңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Shutterstock/FOTODOM
Өзгелердің жаңалығы