Тамыздағы қарбалас. Шымкентте бір баланы мектепке дайындауға қанша қаржы жұмсалады

Жаңа оқу жылына дайындығы баласы бар отбасының бәрі дүкен-базар аралап, оқушы киімі мен қалам-дәптерін алып жүр, деп хабарлайды Шымкенттегі BAQ. KZ тілшісі.

Осы орайда Шымкенттегі ата-аналар баласын мектепке қалай дайындап жатыр? Өзін Айман деп таныстырған көпбалалы анадан сұрап білдік.

Айманның төрт баласы мектепке барады. Үлкені 9-сынып оқыса, кішісі биыл мектеп табалдырығын аттайды. Мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін «Мектепке жол» акциясы аясында әр балаға 35 мың теңгеден беріпті. 

Көбіне «Автонұр», «Алаш» базарларына барып, балаларға киім аламыз. Қызыма белдемше қарадық. Қара көк түсті белдемшелер 6-7 мың теңге шамасында екен. Ақ түсті кофталары да 6-7 мың теңге болады. Сөмкелер 11 мың теңгеден басталады. Аяқ киім, мәселен, лофер деген аяқ киім 11 мың теңге деп тұр. Жасөспірім қызға кеңсе тауарларына 12-13 мың теңгедей жұмсалады. Бұған дәптер, қарандаш, қаламсап, пәнге арналған дәптерлер, үш түрлі маркер, қалампсап, сызңыш, өшіргіш, күнделік, пеналь, қаптама кіреді. Соның барлығы 12 мың теңге болды, — дейді ол.

Айтуынша, орта сыныпта оқитын балаларға шалбар 7-8 мың теңгеден басталады.

Сосын ұл балаға жеңі қысқа көйлек аламыз. 5-6 мың теңге тұрады. 6-7 сынып оқитын балаға сөмке 5-6 мың теңге тұрады. Былтыр балаларға туфли алған едік, бірақ қазір балалар туфли киіп кетпейді. Көбіне кроссовка киеді. Кроссовканы сабаққа да, дене тәрбиесіне де киеді. Былтыр 12 мыңға алдық. Биыл әлі алмадым. Сосын дене тәрбиесі пәніне спорт киімі, шорты-футболка керек. Асты-үстімен спорт киімі 15-17 мың болды. Шорты, футболка 3-4 мың тұрады. Спорт шалбар, трико дейміз ғо, соның бағасы 3,5-4 мың теңге екен, — дейді Айжан.

Ал 1-сыныпқа баратын балаларға пиджак-шалбарымен алады екен. 

1-сынып оқитын балаға костюм алу керек. Мұндағы костюм дегеніміз — пиджак пен шалбар. Бағасы 7-8 мыңнан басталады. Сосын туфли киеді. Оның бағасы — 5 мың теңге. Сосын алғашқы қоңырауға ұстап баратын гүл әпереміз. Оның бағасы әртүрлі. Әркім қалтасы мен талғамына қарай алады ғой, — дейді көпбалалы ана.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы