Президенттің қатысуымен Тамыз конференциясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздік сарайында білім саласы қызметкерлерінің Тамыз конференциясы басталды. Іс-шара алғаш рет Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатыр.


Мемлекет басшысы Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр. 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан дәстүрлі шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам ұстаз қатысуда. Олардың қатарында мектеп, колледж бен жоғары оқу орындарының оқытушыларымен қатар ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар.

Жиын барысында білім және ғылым саласындағы өзгерістерді басқару мәселелері талқыға салынып, инновациялық идеялар мен бастамалар ұсынылады деп күтілуде. Бұған қоса, үздік ұстаздар марапатталмақ.

Атап өтсек, Тамыз конференциясы жыл сайын дәстүрлі түрде жаңа оқу жылының қарсаңында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы