24 Шілде 2026, 13:59 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Олжас Адай

Тамыз айында Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Қазгидромет мамандары қай өңірде құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтты.

Еліміздің бірқатар өңірінде ыстық әрі құрғақ ауа райы сақталып тұр. Осыған байланысты «Қазгидромет» РМК 2026 жылдың тамыз айына арналған атмосфералық құрғақшылықтың алдын ала болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қай өңірлерде құрғақшылық болады?

Синоптиктердің мәліметінше, келесі өңірлерде құрғақшылық болуы ықтимал:

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарында;

Ақтөбе облысының Шалқар мен Ырғыз аудандарында;

Атырау облысының Құрманғазы ауданында;

Жетісу облысының Алакөл мен Ақсу аудандарында;

Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандарында;

Түркістан облысының Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында;

Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы және Шиелі аудандарында, сондай-ақ Қызылорда қаласында.

Ылғалды жағдай болжанған аймақтар

Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев пен Есіл аудандарында, сондай-ақ Қостанай облысының Ұзынкөл мен Қамысты аудандарында бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады.

Еліміздің қалған аумағында ылғалдану көрсеткіштері, алдын ала мәліметтер бойынша, климаттық нормаға жуық деңгейде қалады.

Бұған дейін алдағы үш күнде аптап ыстық қайта күшейетіні хабарланды

Сондай-ақ, кеше Астанада қатты нөсер жауып, салдарынан салдарынан машиналар суға батты

Жауын жарты сағаттан астам уақыт қана жауғанымен, екпіні қатты болғаны соншалықты, көшелер суға лық толды.

Осының салдарынан бірнеше автокөлік жол ортасында тоқтап қалды. Кейбір жерде су көліктің бел ортасынан асып кетіп, жүргізушілер машинаның төбесіне шығып отыруға мәжбүр болды.

Еске салайық, шілде айында «Қазгидромет» елдің бірқатар облысында құрғақшылық қаупі бар екенін ескертті.