Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
Тамыз айында қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
30 тамыз – Конституция күні мемлекеттік мерекесі.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, елімізде ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады. Сондай-ақ осы Заңда мемлекеттік мереке күні жұмыс істемейтін күн болып саналатындығы көрсетілген.
Биыл 30 тамыз жұма күніне тура келіп тұр.
Осыған орай, аптасына бес күн еңбек ететіндер үшін 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс болса, алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер 30 тамыз демалып, 31-і жұмыс істеп, 1 қыркүйек қайта демалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы