Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

20 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді.

Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, ЖОО-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Тамыз айындағы ҰБТ-ға ағымдағы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар), шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатыса алады.

Айта кетсек, 2024 жылы 12 шілдеде басты ҰБТ аяқталғаны белгілі болды. Құзырлы ведомстов ҰБТ қортыныдысы бойынша ең жоғары балл жинаған кімдер екенін атады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы