Талшын Жұматаева әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аралас жекпе-жектен Бахрейн корольдігінің Манама қаласында өтіп жатқан ересектер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында Талшын Жұматаева топ жарды, деп хабарлады prosports.kz.

70.3 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған 20 жастағы Жұматаева жарыс жолында Индия, Ұлыбритания спортшыларын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Еске сала кетсек, Талшын осы жылдың мамыр айында Тайландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында да қарсылас шақ келтірмеген болатын.
Спортқа бала күнімнен бері қызығамын. Оқу бітіргеннен кейін де спортта қалсам деген ойым бар. Осы спортқа деген қызығушылығым мықты қарсыластарға төтеп беріп, алға қарай жылжуыма мүмкіндік берді деп ойлаймын, - деді әлем чемпионы Талшын Жұматаева.

Айта кетейік, осы кезекті әлем біріншілігіне 50 елден келген 500 спортшысы қатысып жатыр.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы