Қазақстандық таеквондошылар халықаралық жарыстан жүлдемен оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық таеквондошылар Эстонияда халықаралық турнирден үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Эстонияның Таллин қаласында таеквондодан «Tallinn Open» халықаралық турнирі өтті. 28-29 тамыз күндері өткен G-1 санатындағы додаға 250-дан астам спортшы қатысты.
Аталған бәсекеде 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде нұрлан Мырзабаев күміс медальға ие болды. Ал 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Смайыл Дүйсебай қола жүлдегер атанса, 68 келіде сынға түскен Ерасыл Арапбай екінші қоланы ел қоржынына салды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Паралимпиада-2020: Ержан Сәлімгереев финалда алтыншы орын алды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы