Тәліптер Ауғанстанның экс-президентіне рақымшылық жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Талибан» қозғалысы Ауғанстан президенті Ашраф Гани мен вице-президент Амрул Салехке рақымшылық жасап, қаласа елге қайта оралуға мүмкіндік берді.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Біз Ашраф Ганиді, Амрул Салехті және (президенттің қауіпсіздік бойынша кеңесшісі) Хамдулла Мохибаны кешіреміз. Біз өз тарапымыздан генералдан бастап, қарапайым адамға дейін барлығын кешіреміз, - деп мәлімдеді тәліптердің көшбасшысы Халил ур Рахман Хаккани пәкістандық Geo TV телеарнасында.

Айта кетейік, америкалық контингенттің елден шығарылуы аясында тәліптер Ауғанстанның ірі қалаларын басып алып, жиырма жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді. Жақында елді басқару формасы да анықталатын болады. 

Елден қашып кеткен экс-президент Ашраф Гани екі күннен кейін БАӘ-ден видеоүндеу жолдап, елге қайтып оралуға уәде етті. 

Ал Ауғанстан аумағынан бой тасалаған Салех болса, Конституцияға сәйкес өзінің мемлекет басшысы болатынын айтып, тәліптерге қарсы тұруға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы