Тәлібтер БҰҰ қызметкерлеріне қысым жасады деп айыпталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымы «Талибан» содырларын (Қазақстанда Жоғарғы сот шешімі бойынша тыйым салынған) ұйымда жұмыс істейтін ауған қызметкерлерін қудалады және қорқытты деп айыптады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
БҰҰ-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Дебора Лайонс БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне берген сұхбатында ұйымның Ауғанстандағы ғимараттары тиісті түрде күзетілгенімен, «Талибан» билік басына келгеннен бері ауған қызметкерлеріне қысым күшейе түскенін айтты.
Біздің ұлттық қызметкерлерге қысым көрсету және қорқыту дерегінің көбейгені алаңдаушылық туғызып отыр. Біз өз қызметкерлерімізді қолдау және қауіптен қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. БҰҰ ауған халқы үшін өте маңызды жұмысты қызметкерлері қорқып, еркін жүре алмаса дұрыс орындай алмайды, - деді Лайонс.Reuters тәліптер билік басына келердің алдында 10 тамыздан бері қорқытулар, БҰҰ кеңселерін тонау және қызметкерлерге шабуыл жасау сияқты ондаған оқиға туралы хабарлады.
Тәліптер бүкіл ел бойынша БҰҰ қызметкерлеріне қарсы күш қолданып жатыр деген ақпарат бізді ашуландырады. Бұлай болмайды. Бұны шектен шыққандық деп айтсақ артық болмайды, - деді АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары Джеффри Делорентис.Ол тәліптерді БҰҰ тәуелсіздігі мен бейтараптығына құрметпен қарауға шақырды.
Айта кетейік, билікті басып алынғаннан кейін тәліптер барлық халықаралық конвенцияны сақтауға уәде берді, сонымен қатар олар әйелдердің білім алып, жұмыс істей алатынын, бірақ хиджаб киюі талап етілетінін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екпеден бас тартқан шенеуніктерге тықыр таянды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы