14 Қыркүйек 2025 2025, 21:29
Фото: pixabay.com
Талибтер АҚШ-пен тұтқын алмасу жөнінде келісімге келді
"Талибан" қозғалысы АҚШ өкілдерімен тұтқындарды алмасу бойынша келісімге қол жеткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Талибан" қозғалысы АҚШ өкілдерімен тұтқындарды алмасу бойынша келісімге қол жеткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алайда келісімнің нақты шарттары мен алмасуға қатысатын тұтқындардың саны жария етілмеді. Ақ үй бұл кездесуге қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ, - деп жазады ABC News.
Келіссөздер Кабулда өтті. Оған талибтердің Сыртқы істер министрі Амир Хан Муттаки мен АҚШ-тың арнайы өкілдері қатысты.
Қозғалыстың мәлімдемесінде тараптар тұтқындар мәселесімен қатар «екіжақты қатынастарды дамыту жолдары» және Ауғанстанға инвестиция тарту мүмкіндіктерін де талқылағаны айтылған.