Тальгодағы зорлық: Жолсеріктердің жазасы күшейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда "Тальго" пойызында зорлық фактісі бойынша сотталушыларға үкім шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот сотталушының әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айырды. Олар өз мерзімін орташа қауіпсіз мекемеде өтейтін болады, - делінген хабарламада.

Жаза 2019 жылдың 26 шілдесінен бастап есептеледі. Сот бұған дейін, яғни 19 шілдеде жолсеріктерді 2,5 және 2,3 жылға бас бостандықтарынан айырған болатын. Алайда екі тарап үкімге наразы болып, Қостанай облыстық сотына апелляциялық шағым берді. Ол жерде бірінші инстанциядағы соттың шешімі өзгертіліп, іс қайта тергеуге жіберілді.

Еске сала кетейік, тергеу материалдарына сәйкес, зорлық фактісі 2018 жылдың 26 қыркүйегінде болған. Жас әйел елордадағы ғылыми конференциядан Ақтөбеге "Тальго" пойызымен қайтып келе жатқан. Оның айтуынша, жолсеріктер түнгі уақытта купенің есігін кілтпен ашып, зорлық көрсеткен. Жолсеріктер өз кінәсін мойындамады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы