Талғат Жақан жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Жақан Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды - делінген хабарламада.
Талғат Амангелдіұлы Жақан 1965 жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында туған.
Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген (1987), экономист. Дипломатиялық академияның Төтенше және Өкілетті Өкілдерге арналған біліктілікті арттыру курстарын өткен. Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі.
1982 жылдан -Апматы халық шаруашылығы институтының студенті.
1987 жылдан - ҚазКСР Көкшетау облыстық мұнайөніммемком басқармасының Қызыл ту аудандық мұнай базасы (Көкшетау облысы Қызылту) бас бухгалтерінің тәжірибеден өтушісі.
1988 жылдан - Қазтұткеңес Республикалық есептеу орталығының есептеуіш техникасын еңгізу Бөлімінің экономист-инженері (Алматы қаласы).
1991 жылдан - «Қазкоопиақпарат көмек» кіші еңгізушілік кәсіпорынының директоры (Апматы қ.).
1992 жылдан - ҚР қаржы Министрлігі жанындағы қаржы-валюталық бақы- лау Комитетінің басқарма бас бақылаушы-ревизоры (Алматы қ.).
1996 жылдан - ҚР СІМ Валюта-қаржылық департаменті бас маманы, валюталық операциялар бөлімінің бастығы, 2001 жылдан - директорының орынбасары.
2007 жылдың шілде айынан - ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылдың қазан айынан - ҚР Парламент Сенатының Аппараты жетекшісінің орынбасары.
2010 жылдың шілде айынан бері - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг белімінің меңгерушісі.