Талғат Смағұлов ел бойынша қандай бағыттағы жолдар жөнделіп жатқанын айтты
Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” өткізген брифингте компанияның бас инженері Талғат Смағұлов айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” өткізген брифингте компанияның бас инженері Талғат Смағұлов айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда ұзындығы 7 мың шақырымнан асатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңарту және жөндеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 4 мың шақырымы қайта құрылыспен қамтылып, 3 мың шақырымға жуығы жөнделді. Республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 25 000 шақырымды құрайды,-деді ол.
Оның айтуынша, республика бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 100-ге жуық учаскесінде құрылыс жұмыстары жоспарланған.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ еліміздегі ұзақ мерзімді жол құрылысы жобаларында құрылыс-монтаж жұмыстарын қайта жандандыру бағытында біршама жұмыс атқарды. Бүгінгі таңда еліміздегі барлық ұзақ мерзімді жол құрылысы жобасы бойынша жұмыстар қайта жанданды,- деді ол.
Смағұлов құрылыстың кешенді жұмысы қандай бағыт бойынша жүргізіліп жатқанын айтты.
Осылайша, бүгінгі күні жұмыстардың толық кешені «Қарағанды-Балқаш», «Қалбатау-Майқапшағай», «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен», «Атырау-Астрахань», «Подстепное-Федеровка-РФ шекарасы», «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бейсен-Сайқын» бағыттарында жүзеге асырылып жатыр,-деді ол.