Талғат Мұсабаев ғарыш орталығының қызметкерлерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талғат Мұсабаев Ұлттық ғарыш орталығында болып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК« АҚ қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі бастамаларды талқыға салды.
Сенатор Президенттің Парламентке, сондай-ақ өңірлік атқарушы және өкілді органдарға қатысты жаңа нақты саяси реформаларды белгілегенін атап өтті.
Ел Президенті өңірлерді дамытуға қатысты бірқатар бастамаларды көтерді. Үкіметке еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымының оңтайлы болғаны аса маңызды. Мемлекет басшысының айтуынша, дағдарысқа байланысты дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ. Біздің елімізде ауқымды дағдарысты еңсеруге қажетті резерв пен құралдардың бәрі бар. Дағдарысқа қарсы шаралар топтамасын іске асыру және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді, – деді Мұсабаев.
Кездесу барысында ғарыш саласындағы келешегі зор бағыттар, ғарыш техникасы және технологиясы мамандығы бойынша ғылыми сала қызметкерлерін, жоғары білікті мамандар мен түлектерді қолдауға қатысты мәселелер талқыланды.
Сенатор жастардың идеялары мен жобаларын қолдауға, сондай-ақ ғарыштан мониторинг жасау мен қашықтан зондтау міндеттері мен мүмкіндіктерін кеңейте отырып, ғарыштық технологияларды дамытуды жалғастыруға шақырды.