Бүгiн 2026, 11:49 Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Талғат Алдыбергенов «ҚТЖ» ұлттық компаниясының басшысы қызметінен кетті

Тиісті шешіммен Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Компанияның хабарлауынша, оның өкілеттігі жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның шешімімен тоқтатылды.

Әзірге Талғат Алдыбергеновтің орнына кімнің тағайындалатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Еске салайық, Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын 2025 жылдың шілде айынан бері басқарған.