Талғардағы жасөспірімнің өлімі: Күдіктінің барлығы неге ұсталмады

Алматы облысының Полиция департаменті "Кәмелетке толмаған баланы өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі кезде барлық жиналған дәлел, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттеліп жатыр.

Қазіргі уақытта 7 адамның қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталды. Жәбірленуші тараптың дәлелдері бойынша басқа тұлғалардың қатыстылығын анықтау үшін тергеу шеңберінде тексеру жүргізілуде. Әрқайсысына қатысты құқықтық баға беріледі. Қаза болған жасөспірімнің заңды өкілдері тергеу барысы туралы хабарланып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етуге жатпайды,- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынып, оның нұсқауы бойынша арнайы жедел-тергеу топ жұмыс атқарып жатыр.

Ал Алматы облысының тұрғындары қайғылы оқиға болған жерге гүл шоқтарын қойып жатыр.

Дүкеннің кіреберісіне Шерзаттың суреті қойылған. Дүкеннің өзі қазір жабық.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жаппай төбелес болып, бір адам қаза тапқаны жайлы жазған едік. 

Полиция департаменті істің барлық, мән-жайларының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын айтқан. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы