Талғардағы жасөспірім өлімі: Оқиға болған дүкен қабырғасына плакаттар ілінген

Алматы облысы Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерге BAQ.KZ тілшісі арнайы барып қайтты.

Бұған дейін дүкеннің кіреберісіне Шерзаттың суреті ілініп, тұрғындар гүл шоқтарын қойған еді. Бүгін сол дүкен қабырғасына қолдан салынған марқұм Шерзат туралы плакат ілінген.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жаппай төбелес болып, бір адам қаза тапқаны жайлы жазған едік.

Полиция департаменті істің барлық, мән-жайларының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын айтқан. Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталып уакытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы