Талғардағы трагедия: Шерзат Болаттың отбасы күзетпен қамтамасыз етіледі

Талғарда қайғылы жағдайда көз жұмған марқұм Шерзат Болаттың отбасы күзетпен қамтамасыз етілетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті мәлімдеді.

Келіп түскен арызға сәйкес 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілген. Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін марқұм Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткені туралы жазған болатынбыз.

Еске салайық, 4 қазанда түнде Талғарда жасөспірім қаза тапқан болатын. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат сатып алушымен арада шиеленіс туындаған кезде әкесінің дүкенінде оған көмектесіп жатқан. Сатып алушы таныстарын шақырып, Шерзатты, оның әкесі мен ағасын пышақ пен қару қолдана отырып, соққының астына алған.

Жасөспірім өлімі туралы істі ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеке бақылауына алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы