Талғарда ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Қылмыс жасады деген күдікпен бір адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 14 қаңтарда болған. Кісі өлтіру дерегі бойынша Рысқұлов ауылының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол марқұм әйелмен азаматтық некеде тұрған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияның нақтылауынша, тұрмыстық жанжал кезінде әйелге пышақ жарақаттары салынған. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмған. Оқиға сәтінде үйде кәмелетке толмаған бала болған.

Жәбірленушіні туыстары тауып, құқық қорғау органдарына хабар берген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні жедел түрде ұстады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: @BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы