Кеше 2026, 21:19 Фото: Скриншот

Талғарда әйел үш баласымен бірге өзен ортасында қалып қойған

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Алматы облысының Талғар қаласында ТЖМ құтқарушылары өзен ортасындағы аралшықта қалып қойған әйел мен үш баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

112 қызметіне түскен хабарламаға сәйкес, әйел адам балаларымен бірге Талғар өзенінде қалып қойып, өздігінен жағаға шыға алмаған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар карабин мен өрт сөндіру белдігі арқылы құтқару арқанын бекітіп, өзен үстінен қауіпсіз өткел ұйымдастырды. Нәтижесінде 13 минут ішінде әйел мен үш бала жағаға аман-есен шығарылды.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ азаматтарды су айдындары маңында қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ағысы қатты өзендердің жанында өз өмірі мен балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырады.