Талғар тұрғыны 5 келі гашишпен ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Талғар ауданының тұрғынынан бес келіден астам гашиш тәркіленді. Бұл туралы Алматы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп есірткі заттарын сақтау деректерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Талғар ауданы Қарабұлақ кентіндегі үй-жайды санкцияланған тінту барысында 43 жастағы жергілікті тұрғыннан сараптама гашиш есірткі заты деп таныған өсімдік тектес заты бар төрт пластикалық шөлмек табылып, тәркіленген.
Зерттелген заттың жалпы салмағы 4 келі 956 грамм. Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен тұрғын үйді тінтуді жалғастыру кезінде, сарайдағы газ плитасынан тәртіп сақшылары спецификалық иісті, жасыл түсті зат бар екі пакетті тауып, тәркіледі. Аталған зат сарапшылардың қорытындысы бойынша гашиш есірткі заты болып танылды. Екі пакеттің салмағы 722,40 грамм. Осылайша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5 келі 678,4 граммды құрады, - делінген хабарламада.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Күдіктіге сотқа дейінгі тергеу кезеңінде күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әшімбаев: Кеңес кезеңінің өзінде тегін «Момышұлы» деп жаздырып, Отанды сүюдің озық үлгісін көрсетті
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы