Талғар маңында атыс болды
2024 жылғы 10 қазанда кешке қарай Алматы облысының Тұздыбастау кентінде атыс болды. Бұл оқиға туралы әлеуметтік желілерде тарады. Облыстық полицияның баспасөз қызметі болған оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнындағы видеоны куәгерлер жариялады. Видео авторы ауылда атыс болғанын атап өтті. Полиция қызметкерлері жұмыс істеп, машиналарды тексерген.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы полицияға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ, - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы