Талғар ауданының тауларында адасқан жігіт табылды

ТЖМ құтқарушылары 3000 метр биіктікте іздеу жұмысын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін 2005 жылы туған бозбала Алматы облысы Талғар ауданының тауларынан түсіп, жолдан адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы шақырту түскеннен кейін дереу ТЖМ басшысының тапсырмасы бойынша жақында ашылған "Медеу" бекетінен шығып, Кимасар шатқалындағы көпірге жетіп, одан әрі биіктігі 3053 м болатын Фурманов шыңына қарай жаяу жүрді. Қатты жаңбыр, қалың тұман және шектеулі көрініс түрінде болған ауа-райының қолайсыздығына қарамастан құтқарушылар туристті тауып, оған қажетті көмек көрсетіп, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, елді мекенге жеткізді. Өтініш беруші медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gorny-club.kz
Өзгелердің жаңалығы