Талғар ауданындағы мал қорымында сойылған иттер жерленген

Алматы облысының Талғар облысында сойылған иттердің терісі жиналған қорым табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

25 сәуір Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында Талғар ауданы Кендала кентінің аумағында орналасқан мал қорымы тіркелген бейнежазба анықталды. 

Бейнежазбада жүздеген иттің сойылып жатқанын көруге болады. Кадрлардағы мәліметке сәйкес иттердің көбінің қарғыбауы бар. Осы бейнежазбаны түсірген қоғам белсенділері өз тергеулерін жүргізгендерін айтады. 

Осы жантүршігерлік видеоға қатысты полиция түсініктеме берді.

Қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК 316 - бабының 1-бөлігі - "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша Талғар ауданының СДТБТ-да тіркелді. Қазір қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларының барлық кешені жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы ПД-ның бақылауына алынды, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: newtimes.kz
Өзгелердің жаңалығы