Талдықорғандықтар билбордттағы қателер туралы айтты

Облыс орталығында ондаған жарнамалық тақталар орналасқан. Бүгінде оның 5-6-уы электронды форматқа көшкен. Содан ба ішіндегі жазуларда қателер жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тішісі.

Талдықорған қаласында осы билборд ілу мәселесі көптің көңілінен шықпайды. Зиялы қауым өкілдері Алаш арыстарының, ақын-жазушылардың салиқалы сөздерін жазуды ұсынса, жергілікті билік жарнамалық мақсатта пайдаланғанды жөн көреді. Себебі, оған да арнайы қаржы құятын кәсіпкерлер бар. Олар осылайша өздерінің тауарларын насихаттайды.

Қала кішкентай болған соң ба, көше бойындағы билбордтар бірден көзге түседі. Мәселен, Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан «Табиғатты аялау – ортақ іс» деген жазуда қате жүр. Одан бөлек Желтоқсан көшесінде орналасқан билборттардың тозығы жеткен. Ешқандай мән-мағына таба алмайсын. Осыларға халықтың тәрбиелік мәні зор мақал-мәтелдерін немесе ойшылдардың ұлағатты сөзін іліп қоюға болады. Оның пайдасы жастармен қатар қала тұрғындарына да тиер еді. Жетісудан шыққан қаламгерлерді насихаттау мақсатында да жақсы идея болар еді, - дейді халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Әміре Әрін.

Былтыр қаладағы билбордтарға жаңарту жұмыстары жүрмегені туралы мәселе көтерілген. Тозығы жеткен, күн мүжіген жазулар шаһардың сәнін құртып тұр. Ардагерлер ақылға томпақ жарнамалардың қаптап бара жатқанын жеткізіп, қала әкіміне де осы сауалды қойған еді.

Бұл да бір идеологиялық құрал есебінде маңызы зор дүние. Шетелде билбордтар жарнамалық бағытта жұмыс істейді. Оған қыруар қаржы құйылады. Біз де де сол бағытта қызмет көрсететіні белгілі. Дегенмен шағын шаһарға мұның тиімділігі бар ма соны нақты білу керек, - дейді қала тұрғыны Асан Алтынбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы