27 Маусым 2023 2023, 16:28
Фото: polisia.kz
Талдықорғандық ауласында 80 түп марихуана өсірген
Прокуратураның үйлестіруімен полицейлер Талдықорғанда марихуана өсірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Прокуратураның үйлестіруімен полицейлер Талдықорғанда марихуана өсірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұсталған адамның жеке тұрғын үй учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің 80-нен астам бұтасы табылды.
Марихуана өсірілген учаскеде жерді қопсыту, суару сияқты күтім жұмыстары жүргізіліп отырылған.
Сондай-ақ ер адамның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.