Талдықорғандағы тергеу орнына шабуыл жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Талдықорған қаласындағы тергеу орындарының біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Атыс кезінде шабуылдаушылардың бірі қаза тауып, біреуі жарақат алған. Қарақшы топ толықтай жабық киім (камуфляж) киген.

ІІМ мәліметіне қарағанда шабуылдаушылардың саны 15-20 адам болған. Олар қылмыс орына автокөлікпен келген.

Әзірге атыс тоқтады. Қарулы топты ұстау жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы