Талдықорғандағы коттедж қалашығында 200-ден астам үй бос тұр

Осыдан бірнеше жыл бұрын Береке шағын ауданынана тиесілі 577 екіқабатты үй салу жоспарланған. Дегенмен жемқорлықтың кесірінен тұрғын үйлер аяқсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде үлкен дау тудырған мәселе әлі де қоғам талқысынан түсер емес. Бүгінде аталған коттедж қалашығының сапасыз тұрғын үйлерінде тұрып жатқан отбасылар бар. Ал қалған үйлер қаңырап бос тұр, тіпті кейбірінің құрылысы толық тәмамдалмаған. Бүгінде жауапты мамандардың дені сотталды. Ал қала әкімдігі құжаттарды реттеу үстінде.

Бүгінде 577 коттедждің 373-і ел игіліне берілді. Қазір тұрып жатқан адамдар бар. Ауданы 19 мыңға жуық шаршы метрді алып жатқан 200-ден астам үйдің құрылысы бөгеліп тұр. Көпке аян, құрылыс-монтаждау жұмыстарын «ПМК-7К» ЖШС жүргізген еді. Алдынғы жылы келісім шарт бұзылды. Облыстық прокуротура қылмыстық іс қозғады. Қазір қайта есептеу жұмыстары жүріп жатыр, - дейді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Аталған жоба қазіргі таңда ведомстводан тыс сараптама порталына жүктелген. Оның қорытындысы шілде айының аяғында нақты шығады. Одан кейін конкурс жарияланады.

Қазір үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар көп. Олар осы қалашықтан үй алуды армандайды. Мектеп жақын, қаланың кіреберісінде орналасқан. 

Қанша жылдан бері қаңырап тұрған үйді ендігі үйсіз жүрген жандарға берсе болады ғой. Қалада баспана жалдап тұрып жатқан отбасылар бар. Олардың 5-6 бала-шағасы үйден үйге секіріп жүр. Кезек те оңайлықпен жылжымайды. Сондықтан кезектің санын азайту үшін, сол үйлерді жөндеп беруі қажет. Әйтпесе жемқорлықтың ескерткішіндей көзге оттай басылады. Біз әкімге айтқан едік, алдағы уақытта шешіледі деді. Келер жылы берсе де жақсы еді, - дейді көпбалалы ана Зәуре Тыныбаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы