Талдықорғанда жылу желілерінен ақау шықты

Облыс орталығында алдағы апталары ыстық су болмайды. Ыстық суды іске қосу кезінде бірнеше учаскелерден ақау шыққан», деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаз бойы жылу желілерін жасағанымен бірнеше ықшамуадандарының жылу желілерім жарамсыз деп танылды. Көктемнен бастап «Талдықорғанжылусервис» КМК жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында 6 шақырымға жуық тозған жылу желілерін ауыстырған еді. Алайда күн суыта бастаған шақта құбырлардан су тама бастаған.

Бірнеше жылу желірен жаңғырту жұмыстары жүреді. Мәселен, Қабанбай батыр мен ақын Сара көшелерінің қиылысындағы жұмыстар жаұын күндері аяқталады. Ал Біржан сал мен Жансүгіров бұрышындағы көше жұмыстары да ертең толықтай бітеді. Одан бөлек Гагарин, Жансүгіров пен Төлебаев көшелерінің арасындағы жылу желілеріне де жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жылыту маусымының сәтті өтуі үшін төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шаралары жүріп жатыр. Алдағы уақытты ыстық су толықтай халыққа беріледі. Әзірге тұрғындар бірнеше күн шыжай тұруы қажет, - дейді Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл.

Бүгінде жаңадан құрылған 8,9-ықшамаудандарына да ыстық су болмайтыны ескерлітуде. Сондай-ақ «Дарабоз ана, Абай, Қабанбай батыр және Балпық би көшелеріндегі жылу желілерін қайта жаңарту» жобасын қолға алу барысында Қабанбай батыр және Балпық би көшелерінде де жұмыстар жүреді. Бұл жоба іске асса Баскуат қазандығындағы жүктемені сағатына 15 Гкал дейін төмендетуге болады.

Оқушылар сабаққа барған уақытта ыстық суды тоқтатқаны дұрыс болмады. Жаз бойы не істеді? Қазір балалар ауырып қалуы мүмкін. Былтыр да осындай жағдай қайталанған. Қазір күн қатты суып кетті. Тезірек суық су берілсе екен, - дейді қала тұрғыны Жансая Төлегенқызы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы