Талдықорғанда жұмысшы құдыққа құлап кетті
ТЖМ қызметкерлері терең құдыққа құлап кеткен ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
ТЖМ баспасөз мәліметінше, Талдықорғанда су құбырын жөндеу кезінде 1991 жылы туған ер адам абайсызда шамамен 14 метр тереңдіктегі құдыққа құлап кеткен.
Құтқару жасағының қызметкерлері штатив пен арқан жүйесін орнатып, төмен түсіп, зардап шегушіні зембілге бекітіп, жер бетіне көтеріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.
ТЖМ азаматтарға сақтандырғышсыз құдықтар мен траншеяларға түспеуді, міндетті түрде дулыға мен қауіпсіздік белдігін қолдануды ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Прокурорлар жер қойнауын заңсыз пайдаланудың жолын кесті
Өзгелердің жаңалығы