19 Қыркүйек 2025 2025, 21:47
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Талдықорғанда жүк көлігі қоршауға соғылып, газ құбырын зақымдады
Талдықорған қаласында Газ-53 жүк көлігі қоршауға соғылып, газ магистральдық желісін зақымдады.
Талдықорған қаласында Газ-53 жүк көлігі қоршауға соғылып, газ магистральдық желісін зақымдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, салдарынан көліктің кабинасы (5 ш.м) мен шаруашылық құрылыстың шатыры (4 ш.м) өртенді. Сонымен қатар құбырдан газдың ашық жалынмен жануы байқалды.
Құтқарушылар жедел жетіп, өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне дереу хабарласу қажеттігін еске салады.