Талдықорғанда жоғалған баланың денесі табылды
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Талдықорғанда жоғалып кеткен ерекше күтімді қажет ететін баланың денесі табылды. Бұл туралы Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті.
26 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қаратал өзенінде жүргізілген ауқымды іздестіру жұмыстары барысында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін Талдықорғанда ерекше баланың жоғалғанын, полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазғанбыз.
Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, кинологиялық қызмет пен еріктілер жұмылдырылған болатын.
Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады. Мамандардың айтуынша, кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмау және олардың жүрген жерін бақылауда ұстау осындай қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
- 19 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды 13:16
- Ақтауда әйелге шабуыл жасады деген күдікті қамауға алынды 12:52
- Краснодар өлкесінде Ми-2 тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты 12:07
- Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды 11:49
- Қазақстандағы тасжолдардың бірінде аптап ыстықтан асфальт көтеріліп кетті 11:19
- Қазақстанның металлургия кәсіпорындары 19 трлн теңгенің өнімін өндірді 10:48
- Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирге қатысады 10:16