Талдықорғанда жарық деңгейі 65 пайызды құрайды
Облыс орталығында жалпы саны 700-ге тарта көшенің 420-сы жарықпен қамтамасыз етілген. Биыл 3865 жарық шам тіректерін орнату көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кешенді жүріп жатқан жұмыстардың нәтижесінде қаланы жарықтандыру көрсеткіші бүгінде 65%-ға жеткен. Жарықтандыру жүйесінің ұзындығы 540 км-ді құраса, шамдардың барлық саны 18 000-ға жуық. Оған қарасты 12 500-ден артықсветодиодты шам, лампа накаливания саны 800-ден астам болса, 4 300-ге таяу торшерлік шам қарастырылған
Биыл жаңа 5 бастама шеңберінде 111,3 шақырымды құрайтын 212 жолды жарықпен қамту әрі біршама жарық тіректерін орналастыру шаралары қолға алынуда. Нақтылай кетсек, қаланың Хутор, Шығыс ықшам ауданы, Батыс елді мекені, Подхоз және демалыс орындарында іске асыру көзделіп отыр.
Қала көшелерінің жарықтандырылуы тұрғындардың күнделікті өміріне де оң әсерін тигізуде. Енді кешкі уақытта сыртқа шығу бұрынғыдай алаңдаушылық туғызбайды, себебі көшелердің жарық болуы қауіпсіздікті арттырады. Әсіресе, балалар мен қарттар үшін бұл үлкен жеңілдік. Сонымен қатар, жүргізушілер үшін де жол жүру әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз бола түсті – көшелердің жарықтандырылуы жол қозғалысын айқын көріп, мүмкін болатын оқыс жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Жалпы, қаланың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы бұл қадам тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, қала мәдениетін жаңа деңгейге көтеруде, - дейді қала тұрғыны Сапарбек Нұржанов.
Алға қойылған ағымдағы жылғы жоспар аясындағы жұмыстар кезеңімен жалғасын табуда. Жарық шамдары қала тұрғындарының ыңғайынақарай іске қосылмақ. Аталған жүйелерді қаладағы жарық беру қызметін қамтамасыз ететін «Айбын» ЖШС кәсіпорны жіті қадағалайды.