Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты: екі жасөспірім жансақтау бөлімінде
Қатты соққы салдарынан екі жасөспірім жол қоршауынан асып кеткен.
Талдықорғанда жүргізуші бағдаршамның қызыл жанғанын елемей, жоғары жылдамдықпен мопедтегі екі жасөспірімді қағып кеткен. Оқиғаға қатысты 2026 жылғы 2 сәуірде өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Видеодан қатты соққы сәті анық көрінеді, соның салдарынан екі жасөспірім жол қоршауынан асып кеткен.
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр. Бұл дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қылмыстық іс 2026 жылғы 2 сәуірде сағат 00:10 шамасында Талдықорған қаласындағы Жансүгіров пен Балпық би көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі тыйым салынған бағдаршам белгісіне қарамастан өтіп кетпек болып, мопедпен соқтығысқан.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
- Apple OpenAI-ді коммерциялық құпияларды ұрлады деп сотқа берді 01:29
- АҚШ Ираннан Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кепілдік талап етті 00:30
- Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды 11.07.2026
- ШҚО-да фестиваль кезінде адасып кеткен екі жасар сәби аман-есен табылды 11.07.2026
- Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы станса өртенді 11.07.2026
- Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады 11.07.2026
- Елімізде бір тәулікте екі орман өрті тіркелді 11.07.2026