Талдықорғанда волейбол орталығы ашылды

Үш қабатты ғимараттың аумағы 2 мың шаршы метрден асады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорт кешенінде «Жетісу» клубының негізгі және қосалқы құрамға енген төрт командасы жаттығады. Олардың алаңсыз дайындалуы үшін екі жаттығу залы беріліп отыр. Оның еденіне Франциядан әкелінген жұмсақ, қауіпсіздік талаптарына сай келетін арнайы төсеніш төселген. Сонымен қатар емдеу кабинеті, массаж жасайтын және жуынатын бөлмелері бар. Жаттықтырушылар мен әкімшілік қызметкерлерге де жайлы жағдай жасалды. 

Орталық мемлекет есебінен салынса, спортшыларға арналған тұрғын үй инвестордың қаражатына тұрғызылды. 41 адамға арналған баспана қажетті тұрмыстық техникалермен жабдықталған. 

Орталық Азияда осындай спорт кешеніне аналог жоқ. Енді жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын. Былтыр ерлер командасы 6-шы орын алдық, - деді "Жетісу" ерлер волейбол клубының бас жаттықтырушысы Марат Адырышев.

Былтыр бірінші рет Ұлттық лигаға кірдік. Енді биыл «призда» боламыз деп ойлап тұрмыз. Қыздар бұрыннан жақсы ойнап жатыр. Чемпион болып нәтиже көрсетеміз деп тұр. 

2024 жылы жеті объектінің құрылысына 9,7 млрд ақша бөлінген. Бүгінгі таңда волейбол орталығы, Текелі қаласында сауықтыру кешені ашылды. Алдағы уақытта жеті объектіні ашу жоспарлануда. 2025 жылы Талдықорған қаласында спорт гимнастикаға арналған спорт кешені және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенін салу жоспарлануда, - деді облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Дуанаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы