Талдықорғанда велоспорттан Қазақстан көпкүндік чемпионаты мәресіне жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антон Кузьмин велоспорттан Қазақстан көпкүндік чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Талдықорғанда көпкүндіктің ақтық төртінші кезеңі аяқталды. Төртінші кезең нәтижесі бойынша Иоганн Штайн топ мәреге бірінші болып келді. Александр Семенов екінші болса, Өркен Сламжанов үшінші болып мәре сызығын кесті.
Антон Кузьмин төртінші кезеңде жүлдегерлер қатарынан көрінбегенімен, төрт кезең қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды.
Алматы облысының спортшысы төрт кезең қорытындысы бойынша командаластарынан 43 секунд айырмашылықпен бірінші орынға ие болды.
Шымкенттік Даниил Марухин екінші орыннан көрінсе, Ақмола облысынң өкілі Иоган Штейн үздік үштікті қорытындылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
18 мамырға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
Өзгелердің жаңалығы