Талдықорғанда үш жасар баланың өліміне күдікті ұсталды

Үш жасар баланың өліміне қатысы бар деген күдікпен Талдықорған қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

12 қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде үш жасар бала қайтыс болды. Дәрігерлер балаға басы жарақаттанған деген диагноз қойған. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын осы баланы қарап баққан 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оны УҰИ қамауға алды, бірақ кейінірек қалалық сот күдіктіге "үй қамағы" санкциясын берді. 

Осы факті бойынша сараптама тағайындала отырып, тергеу ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) негізінде жүргізіледі. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы