Талдықорғанда талапқа сай емес коттедж қалашығын тұрғызғандар сотталды

23 қазанда Талдықорған сотында «Береке» коттедж қалашығының сапасыз құрылысына жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жетісу облысының прокурорлары аталған нысанды салу кезінде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеп, тергеп-тексеру жүргізген.

Прокурорлық тексеруді бастауға бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет құрылысы аяқталмаған үйлер туралы жарияланымдар себеп болды.

Қылмыстық істі тергеу шеңберінде мердігер келтірілген залалды өтеді, оның ішінде 36 үйді өз қаражатынан салды.

2023 жылғы 30 қыркүйекте жергілікті атқарушы орган 25 үйдің кілтін көпбалалы отбасыларға берді.

Жақын арада тағы 11 үй беру жоспарланып отыр.

Сот үкімімен мердігер ұйымның басшысы, құрылысты техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компанияның жұмыскерлері және тапсырыс беруші – «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің лауазымды тұлғалары Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 361-баптың 4-бөлігі және 280-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, жазаның әртүріне сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы