Талдықорғанда табиғи газ ауаға атқылады
Желіде Талдықорғанда табиғи газ ауаға атқылағаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға бүгін, 10 шілдеде болған.
5-ықшамауданның маңында газ ауаға таралып жатыр. 104-ке хабарластық. Иісі мүңкіп тұр, - делінген желіде таралған видеода.
Жетісу облыстық ТЖД-ның мәліметінше, 10 шілдеде Төтенше жағдайлар қызметіне газ иісі шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жерасты жоғары қысымды газ құбырындағы тарату желісінен газ шығып жатқанын анықтаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Дональд Трамптың хатына жауап берді
Келесі жаңалық
Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс
Өзгелердің жаңалығы