Талдықорғанда спорт мектебінің жаттықтырушысы бала зорлады деп айыпталуда

Жетісу облысында Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "Криминальный Казахстан" телеграм-каналы жазды.

Талдықорған қаласында самбодан жаттықтырушы, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері 25 жастағы Қадыр Тенбаев ұсталды. Ол 14 жастағы оқушыны зорлады деп айыпталып отыр. 

Куәгерлердің сөзінше, ер адам жасөспіріммен бірге қонақ үй бөлмесіне көтерілген. Біртүрлі дыбыстарды естіген техникалық қызметкер бірден қонақ үй әкімшісіне хабарласқан. Ал ол өз кезегінде полиция шақыртқан. 

Алдын ала мәлімет бойынша күдікті жасөспірімнің жаттықтырушысы екені анықталды. Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау 5G-ге қосылады
Өзгелердің жаңалығы